Оқушылар сарайында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылғанына 20 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға ХҚКО қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, өңірдегі мемлекеттік қызметтер саласының қалыптасуы мен дамуы жолындағы маңызды кезең сөз болды.
20 жыл бұрын республикада халыққа қызмет көрсету орталықтары ашыла бастады. Біздің облыс та бұл жаңашылдықтан тыс қалған жоқ. Алғашқы ХҚКО Петропавл қаласында, Әуезов көшесі 157 мекенжайында 2007 жылдың басында ашылған болатын. Сол жылы, яғни 2007 жылдың соңына қарай, аудандарда да орталықтар өз жұмысын бастады. Сол уақыттан бері 15 миллионнан астам азамат мемлекеттік қызметтерге жүгінген.
СНХ: СЕРІК БЕЙСЕНОВ, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КЕАҚ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Іс-шара аясында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызмет көрсету сапасын арттырып, сервисті жетілдіруге елеулі үлес қосқан 78 үздік қызметкерді құрметтеу, еңбегін бағалау мақсатында марапаттар, медальдар, төсбелгілер мен алғыс хаттар табысталды. Солардың қатарында Ақжол Ахметовта бар. Ол өз жұмысын 2012 жылы Ақжар ауданында бастаған.
СНХ: АҚЖОЛ АХМЕТОВ, ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ, АҚЖАР АУДАНЫ.
Жиырма жыл ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарға қолайлы және сапалы қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік қызметтер жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Орталық алдағы уақытта да жаңа жобалар бастап, халыққа сапалы қызмет көрсетуді нығайтпақ.