Құрылтай сайлауы - 2026
Қазақстан тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауы ел дамуының маңызды кезеңі болмақ. Солтүстікқазақстандықтар өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге асығып, отбасыларымен бірге сайлау учаскелеріне келуде. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері мен Петропавл қаласының құрметті азаматтары да бар.
Владимир Иванович Козлов елдің саяси бағытын қолдайды және дәстүрлі түрде дауыс беруге қатысады. Алайда оның пікірінше, биылғы сайлаудың орны бөлек: алғаш рет Құрылтай депутаттары сайлануда. Бұл сәт Қазақстан тарихында қалатынына Петропавл қаласының құрметті азаматы сенімді.
ВЛАДИМИР КОЗЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
«Құрылтай сайлауынан ұлттық жаңғырудың жаңа кезеңі басталады», – дейді Қалия Төренова. Сондықтан ол №597 сайлау учаскесінде дауыс берген азаматтардың қатарында.
ҚАЛИЯ ТӨРЕНОВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеде Қазақстан Президенті Құрылтай сайлауын 23 тамызға белгіледі. Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың жеті саяси партия ұсынған партиялық тізімдерін тіркеді. Барлығы 545 кандидат тіркелді, ал Құрылтай құрамына 145 депутат кіреді.