Негізгі Жаңалықтар Құрылтай сайлауы – 2026

Құрылтай сайлауы – 2026

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында орналасқан №595 сайлау учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Жалпы СҚО бойынша 543 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оның 92-сі Петропавл қаласында орналасқан. Облыс бойынша сайлаушылар саны 365 161 адамды құрайды. 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов № 595 сайлау учаскесінде алғашқы дауыс берушілердің қатарында болды. Ол сайлауға жұбайымен бірге келді. Сондай-ақ, мұнда СҚО әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев те өз дауысын берді. Дауыс беру рәсімінен кейін өңір басшысы ардагер мен алғаш рет дауыс берген жастардың біріне Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының даналарын табыстады. 

СНХ: ҚАНАТ СӘДУАҚАС, №595 САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

№595 сайлау учаскесінде байқаушылардың қатарында Александр Штро болды. Оның айтуынша, дауыс беру процесі штаттық режимде өтуде. Ешқандай мәселе немесе кедергілер тіркелмеген.

СНХ: АЛЕКСАНДР ШТРО, БАЙҚАУШЫ

Айта кетейік, жергілікті атқарушы органдар берген мәліметке сәйкес, жалпы облыс бойынша сайлаушылар саны 365 161 адам. Сайлау науқаны барысында 558 комиссия жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар