Құрылтай сайлауы -2026
«Құрылтай сайлауы 2026» науқанына Бәйтерек ауылының тұрғындары да бір адамдай ат салысуда. Мұндағы сайлаушылар саны 1019 адам. Таңғы жетіде жұмысын бастаған учаскеде күндізгі 12-ге дейін сайлаушылардың 40 пайыздан астамы келіп өз таңдауларын жасаған. Саяси науқан жайында аталмыш ауылдағы сайлау барысын бағамдаған тілші бейнематериалына зер салсақ.
Қандасымыз Жұпархан Мұсабай жанұясымен бірге тарихи отанына Манғолияның Баянөлгей аймағынан көш түзепті. Біздің өңірімізде тұрып жатқанына да биыл 20 жылдың жүзі болған. Содан бері еліміздегі саяси науқандардың бірінен де шет қалып қол үзбеген отағасы, бұл жолғы Құрылтай сайлауына да отбасымен бірге келіп дауыс берушілердің әрқайсысы елінің болашағы үшін өз таңдауларын жасады. Әр отбасы шағын мемлекет деген бәлкім осы болар.
Жұпархан Мұсабай – Бәйтерек ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы
Бәйтерек ауылы бойынша осы жолғы науқанда дауыс берушілер саны 1019 адам болса, олардың 10-ы яғни кәмелет жасына енді толғандар биыл алғаш рет өз таңдауларын жасаған. Ал үйлерінде дауыс беруге өтініш білдіргендер жетеу.