Өңірімізге жасаған жұмыс сапарын Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының айналасында бой көтеріп жатқан қорғаныс бөгеттердің қазіргі ахуалын тексеруден бастады. Мақсат көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын пысықтап, қазынадан бөлінген қомақты қаржыға салынып жатқан бөгеттерді тексеру.


Қызылжар ауданына қарасты Тепличное елді мекеніндегі қорғаныс бөгеті өткен жылғы көктемгі су тасқыны кезінде қатты зақымданған болатын. Қазіргі күні ол қайта қалпына келтіріліп нығайтылу үстінде. Министр Нұржан Нұржігітов онда атқарылып жатқан жұмыстарды өзі көріп бағамдады.


БЕЙБІТ ИСМАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ /Ф0498. 00:38. Прибрежное елді-мекенін айнала салынған бөгеттің жалпы ұзындығы 5 шақырымды құрайды. Биіктігі 7,5 метр. Жотаның ең жоғарғы көрсеткішін 2024 жылғы су деңгейінің мөлшерімен есептедік. Онда су деңгейі 102,2 сантиметр болды. Жоба құны 3,5 миллиард теңге. Бескөл ауылындағы бөгеттің орташа биіктігі 5,9 метр. Белгі 101 сантиметр. Ондағы бөгет жұмысына бөлінген қаржы 2,3 миллитард теңгені құрайды. /

Облыс орталығында Былғары зауыты шағын ауданындағы бөгеттегі қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Ойқаладағы бөгет толығымен даяр.

СНХР:Серік Мұхамедиев, Петропавл қаласының әкімі 


Су ресурстары және ирригация министрлігі көктемгі су тасқынының алдын алу тұрғысында "Қазсушаруашылығы" кәсіпорнының филиалдарын 84 жаңа техникамен қамтамасыз еткен. Ол су тасқынын салдарын азайтып, арналардың су өткізу жылдамдығын арттыруға, қосымша бос сыйымдылықтар есебінен оларда жиналатын су көлемін арттыруға мүмкіндік береді.


Министр, қабылданып жатқан шаралар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және 2026 жылдың көктемінде болуы мүмкін су тасқынының алдын алу үшін өте маңызды екендігіне тоқталып, жауапты тұлғаларға жағдайды үнемі бақылауда ұстау қажеттігін міндеттеді