Өңірдің айнасы саналатын, ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар «Soltústіk Qazaqstan» газетіне биыл 105 жыл толып отыр. Өңіріміздің аса көрнекті тұлғалары – Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Сәбит Мұқанов басшылық еткен басылымның алғашқы нөмірі «Кедей сөзі» деген атпен оқырманға жол тартқан еді. Сол күннен бері газет беттерінде бірқатар ақын-жазушылар мен журналистердің шығармашылық іздері қалды. 

Газет тарихы терең, жылдар бойы бірнеше рет атауын өзгерткенімен, өз маңызын ешқашан жоғалтпаған. Бүгінгі таңда ол өңірлік ақпараттың сенімді алаңы ретінде маңызды рөл атқарады.

СНХР: ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙҰЛЫ – «ҚЫЗЫЛЖАР-АҚПАРАТ» ЖШС-НЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Газет 105 жыл бойы ұжымдастыруды да көрді, репрессияны да көрді, соның ішінде Алаш қайраткерлері: Мағжан, Смағұл бастаған азаматтар, одан да басқа редакторлардың атылып кеткенін де көрді. Екінші дүниежүзілік сооғысты да бастан өткерді. Тәуелсіздік алғаннан кейін де газет елді нығайту, экономикалық тоқыраудан шығару кезінде халықты рутандыру ақпараттандыру мақсатында да көп жұмыстар атқарды. Талай қиындықтарды көрсе де газет өзінің елдік мақсатынан, мемлекетшілдік және халықтық мақсатынан ешқашан айныған емес.

Биыл газет мерейтойға орай музей ашты. Музейде Алашорда қайраткерлерінен бастап, 1920–1945 жылдардағы жәдігерлер, 1945 жылдан кейінгі газет қызметкерлерінің қолжазбалары, 1970 жылдары шыққан мерейтойлық кітаптар және корректорлардың төсбелгілері ұсынылған. Сондай-ақ, мұражайда газеттің жетістіктеріне арналған бұрыш жасалған, онда 1970 жылы алған «Құрмет белгісі» ордені, өңірлік басылымның 2023 және 2025 жылдары Президенттен алған марапаттары сақталған. Қазіргі таңда «Солтүстік Қазақстан» газеті редакциясында 40-қа жуық маман қызмет атқарады. Солардың қатарында жұмыс өтілі 45 жыл болатын журналист Өмір Есқали бар.

СНХР: ӨМІР ЕСҚАЛИ, ЖУРНАЛИСТ