Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында көрерменнің ерекше ықыласына бөленген «Мөлдір махаббат» қойылымы сахналанды. Туындының бұл көрсетілімі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына арналды. Қойылымды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тамашалады. Зал көрерменге лық толып, аншлагпен сахналанды.

Шығарма идеясы — адам бойындағы махаббат пен ар-ождан, сезім мен парыз арасындағы мәңгілік тартысты суреттеу. Қойылымды Ресейден арнайы шақыртылған танымал режиссер Айдар Заббаров сахналаған. Ол осы қойлымды қою үшін бір ай көлемінде ұжыммен бірлесе жұмыс жүргізген. Аталған спектакль Түркістан қаласында өткен Құрманбек Жандарбек атындағы республикалық театр фестивалінде өзге қойылымдардан ерекшеленіп, жоғары бағаға ие болған.

СНХР: ДӘУРЕН ТОЙБАЗАРОВ – С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ


«Мөлдір махаббат» — қос ғашықтың тағдыр тәлкегіне түскен өмір жолын баяндайтын әсерлі драма. Сол дәуірдің шындығы мен рухын сахнада шынайы жеткізу — актерлер үшін үлкен жауапкершілік болған. Олардың айтуынша, ең үлкен қиындық – шығарма жарық көрген жылдардағы образбен өмір сүру, сол кезеңнің бар болмысын сезіну.

СНХР: НҰРСҰЛТАН ТӨЛЕБАЙ, АКТЕР


СНХР: ЖҰЛДЫЗ ТЫНЫСБЕК, АКТРИСА


Қойылым бүгінде көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие. «Мөлдір махаббат» еліміздің бірқатар аймақтарына, атап айтқанда Алматы, Түркістан және өзге де өңірлерге гастрольдік сапарларға шақырту алған. Классикалық туындының көркемдік ерекшелігі мен актерлердің кәсіби шеберлігі көрермен жүрегіне жол тапты. Осылайша қойылым – өткен мен бүгінді байланыстырып, адам жанының ең нәзік қылын тербеген туынды болды.