8 қараша ҚР Мемлекеттік статистика органдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Биылғы жылы еліміздің статистикалық қызметі өзінің 105-жылдығын атап өтуде.
Бүгінгі таңда ұлттық статистика бюросы елдің әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы толық түсінік қалыптастырады. Қазіргі заман Қазақстанға статистиканы цифрлық трансформациалау мүмкіндіктерін ашты. Саланың дамуына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Статистика Департаменті елеулі үлес қосып келеді. Ол ондаған жылдар бойы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы сенімді ақпаратты қамтамасыз етіп келеді.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ НҰРҒАЛИЕВА –СҚО БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Департамент құрылымында – 14 басқарма және 13 аудандық бөлімше бар. Мұнда жүзден астам жоғары білікті маман жұмыс істейді, олардың 50-ден астамы жүйеде 20 жылдан астам қызмет етіп келеді. Мұндағы көптеген қызметкерлер мемлекеттік наградалармен және «Статистика үздігі» төсбелгілерімен марапатталған. Солардың бірі – Людмила Александровна.
СНХ: ЛЮДМИЛА БАЛГАРИНА – ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СТАТИСТИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ