Бүгін Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектепте ашық есік күні өтті. Мектепте сынып сағаттары, ашық сабақтар, шеберлік сыныптары және спорттық жарыстар ұйымдастырылған.
Мектеп ұжымы мен оқушылар бұл күнді ерекше атап өтті. Биыл оқу орнының құрылғанына 106 жыл толып отыр. Ал мектепке есімі берілген қоғам және мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының туғанына 125 жыл.
СНХР: АНТОНИНА СОЧКОВА – СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №2 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ
Бүгінгі кездесуге мектепті осыдан 30-40 жыл бұрын тәмамдаған түлектер шақырылды. Олар оқушылармен жылы естеліктерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты. Солардың бірі – мектептің 1984 жылғы түлегі, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Омари Омианович.