«Өмір – жылдамдықтан қымбат!» — осындай ұранмен солтүстікқазақстандық полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығын бастады. Іс-шара қарашаның 10-нан 16-на дейін жалғасады.
Ауқымды акцияның алғашқы шараларының бірі Петропавл қаласындағы №23 мектептің бастауыш сынып оқушыларымен кездесу болды. Полицейлер балаларға жол қозғалысы ережелерін білудің маңыздылығын түсіндіріп, «Есіңде сақта және ойлан» атты бейнероликтер көрсетті, жол белгілері бойынша викторина ұйымдастырды.
СНХ: ЮЛИЯ МОТКОВА — СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ
Кішкентай көрермендер алдында мектептің жас жол инспекторларының үгіт тобы да өнер көрсетті. Іс-шара соңында қатысушылар «Мен өмірді таңдаймын» баннері алдында естелік суретке түсті. Апта бойы полицейлер облыс мектептерінде түсіндіру кездесулерін өткізіп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында профилактикалық акциялар, сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстар жүргізеді. Акцияға жас жол инспекторларының жасақтары белсенді қатысуда.
СНХР: АЗАМАТ ЖАМҰҚОВ — СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Негізгі үндеу – жылдамдықты асырмау, мас күйінде көлік жүргізбеу және жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін өзге де өрескел бұзушылықтарға жол бермеу. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткізілетін бұл іс-шаралардың мақсаты – қоғамның назарын жолдағы қауіпсіздік мәселесіне аударып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тәртібін арттыру, жол-көлік жарақаттануын азайту және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.