Мемлекет басшысы биылғы жолдауында ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет деп айтты. Бұл салаға серпін беру үшін соңғы жылдары мемлекет ауқымды реформаларды қолға алды. Шаруаларды қолдау мақсатында биылдың өзінде бір триллион теңге бөлінді. Қажетті несиелер уақытылы беріліп, бұрын-соңды болмаған көлемде қолдау көрсетілді.
Қазір елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін бірнеше ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Оған отандық және шетелдік инвесторлар тартылған. Инвестиция көлемі 2 миллиард доллардан асып, үш мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ, Қасым -Жомарт Тоқаев мұндай жобалардың ауқымын кеңейтіп, әр өңірдің ерекшелігіне сай дайын өнімді өндіруден сөреге дейін жеткізетін біртұтас желі қалыптастыру қажет екенін де тілге тиет етті. Бұл ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеріп, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.