«Заң мен тәртіп» концепциясын іске асыру аясында облыс орталығында СҚО прокуратурасы, полиция қызметкерлері және жастар қоғамдық ұйымдарының қатысуымен «Вейпті таста — денсаулықты таңда» атты акция өтті.
Өңіріміздің сауда орталықтарының бірінде ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты — тұрғындарға вейп өнімдерін сақтау, сату немесе тарату заңға қайшы екенін түсіндіру. Сонымен қатар, мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны атап өтілді.
Биылғы жылы СҚО бойынша бірыңғай тергеу тізілімінде осы бағытта 5 қылмыстық іс тіркелген.
СНХР: МАКСИМ ДРОВИК, СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ
Психиатр-нарколог дәрігер Зубайда Ғалиақбарованың айтуынша, бүгінде вейп өнімдерінің жарнамасына ерекше назар аудару қажет. Себебі кейбір жарнамаларда бұл зиянды әдет «қауіпсіз балама» ретінде көрсетіліп, қоғамды адастырып отыр. Маманның айтуынша, мұндай жаңсақ түсініктің кесірінен вейптің басты тұтынушыларының бірі – жасөспірімдер. Олар жарнамаға сеніп, өз денсаулығына орасан зиян тигізіп жатқанын көп жағдайда аңғармайды.
СНХР: ЗУБАЙДА ҒАЛИАҚБАРОВА, ПСИХИАТР-НАРКОЛОГ ДӘРІГЕР
Айта кету қажет, 2019 жылы АҚШ-та жүргізілген ауқымды ғылыми зерттеу нәтижесінде вейп өнімдерін тұтыну мен өкпе аурулары арасында тікелей байланыс бары дәлелденген. Мамандар бұл дертті «ЭВАЛИ» деп атаған. Бұл — электронды темекіні жиі қолданудан туындайтын өкпенің қабыну ауруы. Дәрігерлердің айтуынша, ол тыныс алу жүйесін зақымдап қана қоймай, ауыр жағдайда адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.