Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті. Тараптар Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасын талқылады. Президент Қазақстан АҚШ-пен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікке тың серпін беруге мүдделі екенін айтты. Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Америка Президентінің сәлемін жеткізді. Ол АҚШ сыртқы саясатындағы Орталық Азия өңірінің стратегиялық маңызын растады.