Қазанның соңғы жексенбісі - әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Кәсіби мейрам 2011-ші жылдан бері аталып өтіледі. Бүгін облыс орталығында салтанатты жиын өтті. Мерекелік кеште сала қызметкерлерінің еңбегі жоғары бағаланып, бірқатар маман марапатқа ие болды.
Бұл күн өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдаумен және қорғаумен айналысатын адамдарға арналған, олардың рөлінің маңыздылығын, қосқан үлестерін атап өтетін күн. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов қатысып, әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол өз сөзінде мамандардың қоғамның әл-ауқатын арттыру жолындағы еңбегін жоғары бағалап, оларға алғысын білдірді.
СНХ: НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Салтанатты жиында бірқатар сала маманы марапатқа ие болды. Өмірінің көп бөлігін әлеуметтік қорғау саласына арнаған отызға жуық маман құрметке бөленді. Олар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен облыс әкімдігінің төсбелгілерімен, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.
СНХ: БАҚЫТ ЖАЙЛАУБАЕВА, ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінде облыста әлеуметтік қорғау саласында үш мыңға жуық маман еңбек етуде. Олар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған маңызды жұмыстарды атқарып келеді.
СНХ: АЛТАЙ СЕЙІТОВ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жиын соңында іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Көрермендерге өңір өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.