Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры, үйлестіру кеңесінің төрағасы Қанат Әбдіхановтың жетекшілігімен құқықтық тәртіп және қылмыспен күрес мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті. Оған уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Үйлестіру кеңесінде 2024 жыл және 2025 жылдың 9 айы ішінде әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау барысында мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестік деңгейі талқыланды. Әкімшілік өндіріс әлі де мемлекеттік ықпал етудің негізгі тетігі болып қала беретіні атап өтілді. Өңірде цифрландыру бағыты бойынша оң динамика байқалады. Электронды хаттама жүйесін енгізудің нәтижесінде істерді қарау мерзімі едәуір қысқарған.

СНХР: РИЗВАН ЮСИБОВ, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ


Биылғы жылы облыста әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді. Жыл басынан бері 112 құқықбұзушылық дерегі бойынша ұсынымдар енгізілсе, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 210 мыңнан астам әкімшілік іс қаралып, тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, биыл 1 қыркүйектен бастап әкімшілік жаза түрінің жаңа формасы – қоғамдық жұмыстарға тарту түрі енгізілді.

СНХР: ҚАНАТ ӘБДІХАНОВ, СҚО ПРОКУРОРЫ


Отырыс қорытындысында облыс прокуратурасы прокурорлық қадағалау шараларын күшейтуді, материалдардың сапасына бақылауды арттыруды және «ЕРАП» жүйесіндегі жұмысты жетілдіруді тапсырды. Бұл әкімшілік өндірістің тиімділігін көтеріп, мемлекеттік органдарға деген халық сенімін нығайтады.