Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар Бас Прокурор мен Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бақылауында. Осының нәтижесінде бүгінде өңірімізде 20 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 39 жоба іске асырылуда. Соның бірі - Мамлют ауданының Искра ауылындағы жалпы сомасы 268 млн теңгені құрайтын су құбыры желілерін салу жобасы. Қазір нысан пайдалануға берілуде. Нәтижесінде 210 тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

СНХ: АСЫЛБЕК ҚОҢЫРАТОВ, МАМЛЮТ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ