Жыл басынан бері өңірде 400 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 26 адам мерт болды, оның ішінде 3-еуі бала. 26 адам түрлі дене жарақатын алған. Материалдық шығын көлемі – 350 миллион теңге. Өрт сөндірушілер күндіз-түні аянбай еңбек етіп, солтүстікқазақстандықтардың өмірі мен мүлкін қорғау үшін жалынмен күрес жүргізіп келеді.
Өрт сөндірушілер үшін дабыл сигналы – әдетке айналған, бірақ бәрібір жүректі селт еткізетін дыбыс. Мұнда абыржу мен кідіріс жоқ. Бір сәтте бөлімшенің іші қозғалысқа толады: қорғаныс киімін кию, тыныс алу құрылғысын тексеру, өз орнына жайғасу – бәрі секундпен есептелген. Өрт сөндірушілер күн сайын нақты тәртіп пен жылдамдықты талап ететін алгоритммен жұмыс істейді.
СНХР: НҰРХАН ТҰЯҚОВ –ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ №2 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы кез келген жағдайда жұмыс істеуге дайын. Олар білімін күн сайын жетілдіреді. Әр оқу – нақты қауіп алдындағы жаттығу іспетті. Алдымен теория, кейін – тәжірибе. Мұндағы мақсат – бәрін автоматизмге дейін жеткізу.
СНХР: АСХАТ ЖАМБЫЛОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ №2 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІ-ҚҰТҚАРУШЫСЫ
Асхат Жамбыловтың айтуынша, бөлімше ішіндегі макеттер мен оқу стендтерін қызметкерлер өздері жасап шыққан. Онда өрттің түрлі сценарийлері модельденеді. Бұл жаттығулар өрт сөндірушілерге нақты жағдайларда шұғыл әрекет етуге үйретеді.
СНХР: АСХАТ ЖАМБЫЛОВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ №2 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІ-ҚҰТҚАРУШЫСЫ
Өрт сөндіруші болу – жай мамандық емес, нағыз өмірлік миссия. Бұл күресте олардың сенімді серігі – арнайы техника. Онсыз бірде-бір шақырту сәтті аяқталмайды. Батылдық пен тәртіпке сүйенген бұл қызмет – қауіп пен ерліктің символы.