Креативті орталықта мүмкіндігі шектеулі жандар шығармашылығының облыстық фестивалі өтті. «Мейірімділік пен түсіністікке жол ашық» атты өнер байқауына барлығы жиырмадан астам үміткер қатысты. Биыл фестиваль 4 номинация бойынша ұйымдастырылды.

Фестивальдің мақсаты - ерекше жандардың рухани дамуына қолдау көрсету, олардың бойындағы қабілеті мен өнерін көпшілікке таныту. Байқауға облысымыздың 10 ауданынан қатысушылар жиналды. Олар вокал, хореография, аспаптық шығармашылық және көркем сөз номинациялары бойынша өз шеберліктерін паш етті. Соңғы аталым бойынша аққайыңдық Сергей Крохин өнерін ортаға салды.


СНХ: СЕРГЕЙ КРОХИН, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ


Жалпы, фестивальге қатысу жас талғамайды. Бұл өнер сайысына кішкентай бүлдіршіндерден бастап, ересектерге дейін қатыса алады. Әр қатысушы өз дарынын көрсетіп, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік алады.


СНХ: ИНДИРА ЖАНҚОНАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-ДЕМАЛЫС ҚЫЗМЕТІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ


Фестивальде жүлделі орындар қарастырылмаған. Өйткені әрбір қатысушы - өз мүмкіндігін еңсеріп, шығармашылық қабілетін шынайы көрсеткен нағыз жеңімпаз. Олар өнерге деген талпынысы мен еңбегі үшін диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады.