Қызылжар креативті орталығында өңірдегі мектеп оқушылары мен педагогтарға кәсіби бағдар беру жүйесін дамыту мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының педагогтары мен мектеп психологтарына арналған семинар-практикум басталды. Оқыту мемлекеттік тілде өтеді. Семинар мамандардың кәсіби бағдар беру саласындағы біліктілігін арттыруға бағытталған.

Екі күннің ішінде қатысушылар кәсіби бағдар берудің заманауи құралдарымен танысып, гранттық және білім беру мүмкіндіктерін зерделейді, сондай-ақ оқушылармен жұмыс істеудің инновациялық тәсілдерін меңгереді.


СНХ: ЖАСҰЛАН ҚУАНДЫҚ, КӘСІБИ БАҒДАРЛАУШЫ

Семинардың екінші күнінде «КәсібиGO: ойна да таңда» атты үстел ойыны арқылы кәсіби бағдарлау жұмысындағы инновациялық әдістермен танысу да қарастырылған.


СНХ. ӘЛИЯ ҚАРАҚОЖА, КӘСІБИ БАҒДАРЛАУШЫ

Жалпы, оқытуға 10-нан астам кәсіби бағдар беру саласының педагог-маманы қатысып жатыр. Іс-шара таңғы 10:30-дан бастап, кешкі 16:00-ға дейін өтеді. Семинардың соңында қатысушылар өңір мектептерінде әрі қарай жұмыс істеуге арналған әдістемелік материалдарға қол жеткізеді.