Өңірде интернет-алаяқтық тыйылмай тұр. Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда алаяқтардың арбауына түскен адамдар басым. Мәселен, 9 айдың ішінде 600-ге жуық тұрғын алаяқтардың құрбаны болған. Келтірілген залал көлемі – 1млрд 713 млн- нан астам теңгені құрайды.
Құқық қорғау органдары азаматтарға интернеттегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Күмән тудыратын сілтемелерге кірмеу, бөгде адамдарға жеке деректер мен банк картасының нөмірін, сондай-ақ төрт таңбалы растау кодтарын жария етпеу басты қорғаныс шараларының бірі болып табылады. Еске сала кетейік, алаяқтар өздерін түрлі сала өкілдері ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіруге тырысады.
СНХ: МҰРАТБЕК АЯҒАНОВ, СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ