Петропавл қаласында мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға қала бойынша 800-ден астам жұмыссыз азамат, соның ішінде жастар мен оқу орындарының төртінші курс студенттері шақырылды.
Жәрмеңкеге облыс орталығының түрлі салаларынан 24 жұмыс беруші қатысуда. Келушілерге тұрақты жұмыс орындарына арналған мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Ұсынылған жұмыс орындары бойынша жалақы мөлшері 120 мыңнан 360 мың теңгеге дейін.
СНХ: ЕРСІН СӘРСЕМБИН, СҚО ТЖД КАДР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Сондай-ақ іс-шара барысында мансап орталығының мамандары жұмыс істеді. Олар жұмысқа орналасу және қолданыстағы жеңілдік бағдарламалар бойынша кеңес берді.
СНХ: ТАТЬЯНА АДИЛОВА «МАНСАП» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі тек офлайн форматта ғана емес, Enbek.kz платформасында онлайн түрде де қолжетімді.