Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында патриоттық тәрбиеге арналған форум өтті. «Балаларды мәдени және отбасылық құндылықтар арқылы патриоттық рухта тәрбиелеудің негіздері» атты жиынға өңірдің педагогтары мен ата-аналар қатысты. Форум офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, шалғай аудандарды қоса есептегенде жүзден астам адам қамтылды.
Форумды Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянсы мен облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Негізгі мақсат - отбасы мен білім беру ұйымдарының байланысын нығайту, жас ұрпақ бойында патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
СНХР: ЗӘМЗӘГҮЛ ТҰРЛЫБАЕВА, СҚО ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Кездесуде ата-аналар мен педагогтар тәрбие тәжірибесімен бөлісіп, балалардың бойына мәдени дәстүр мен отбасылық құндылықтарды сіңіру жолдарын талқылады. Форум барысында патриоттық және азаматтық тәрбиенің өзекті мәселелері қозғалды. Қатысушылар отбасы тәрбиесінде ата-ананың рөлін арттыру, балаға елге, жерге деген сүйіспеншілікті ерте жастан дарытудың маңызын әрі оны қалыптастыруда отбасының рөлі маңызды екенін атап өтті.
СНХР: НАТАЛЬЯ ВЕДЕРНИКОВА, АТА-АНА
Форум ата-аналар мен педагогтардың байланысын нығайтып, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттырды. Бала бойына отбасылық құндылықтармен бірге адалдық пен әділдікті дарыту - қоғамның ортақ міндеті.