Республика күні қарсаңында Аққайың ауданы Дайындық ауылында үш жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Енді жастарға арналған мәдени-сауықтыру орталығы, балабақша және Мәдениет үйі халық игілігіне жұмыс істемек. Бұл – жергілікті кәсіпкер, белгілі меценат Біржан Шаймерденовтың ауылдастарына жасаған сыйы.
Дайындық - өңірдегі үлгілі, алдыңғы қатарлы елді мекендердің бірі. Мұнда тұрғындардың жайлы тұрмысы үшін бар жағдай жасалған.
СНХ: ОРАЗБАЙ БЕКЖАНОВ, ДАЙЫНДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Бұл - жастар мен оқушыларға арналған мәдени-сауықтыру орталығы. Мұнда аптасына бір рет ересектерге арналған іс-шара, би кештері ұйымдастырылмақ. Қалған күндері оқушыларға түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Бұрын бұл жерде ескі клуб болған, енді ғимарат толықтай жаңғыртылды. Ашылу рәсімінде брейкингтен шеберлік сабағын облыстың басты жаттықтырушы Есмұхамбет Имамбаев өткізді.
Екінші қолданысқа берілген нысан — балабақша. Бұрынғы ғимарат 18 балаға ғана шақталып, тарлық етті. Жаңа балабақша 40 баланы қабылдай алады.
Ал мына Мәдениет үйі небары төрт айдың ішінде бой көтерді. 300 орынға арналған. Енді ауыл тұрғындары осы жерде өнер ұжымдарының концертін тамашалай алады, кинозал да жұмыс істемек.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біржан Абдултьмановичке тек қана рахмет осылай елді көтеріп, туған жерін көтеріп, алтын бесігін. Жаңа кірген бетте жазылып тұр ғой, «Ауылым – алтын бесігім» деген. Елін, алтын бесігін көтеріп жатқаны үшін алғысымды айтқым келеді. +ҚҰТТЫҚТАУ
Дайындық ауылында бірнеше жыл бұрын небәрі 28 үй болса, қазіргі таңда олардың саны 86-ға жетті.
СНХР: БІРЖАН ШАЙМЕРДЕНОВ – «ДАЙЫНДЫҚ-АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Бүгінде Дайындық ауылында 350 тұрғын бар. Кәсіпкер өз қаражатына әлеуметтік нысандарды ғана салып қоймай, осы уақытқа дейін 50 баспананы тұрғызып, халыққа пайдалануға берді.