Облыс орталығында әйелдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасының 34-ші чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс кеше ресми түрде бастау алды. Қазіргі таңда ұлттық лиганың алғашқы кезеңі өткізілді. Биылғы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 8 команда қатысып жатыр. Оның төртеуі — Петропавл қаласында, ал қалған төртеуі — елордада өзара мықтыны анықтайды.
Алғашқы ойын күні алаңға «Қуаныш» пен «Астана» командалары шықты. Ойын басталған сәттен-ақ «Қуаныш» волейбол клубының спортшылары ойын тізгінін өз қолына алды. Қарсыластарына мүмкіндік бермеген жергілікті команда кездесуін сенімді түрде 3:0 есебімен түйіндеді.
СНХ:ЕРМЕК СЫРЛЫБАЕВ, БАС ТӨРЕШІ
Сонымен қатар «Қуаныш» командасының құрамына биыл үш үздік легионер енді. Олар – әлем чемпионы Сладана Миркович, ресейлік ойыншы Ирина Шляхтова және Кубадан келген Аннет Альфонсо Бенитес.
СНХ:ГҮЛНАЗ ӨМІРБЕКОВА, «АСТАНА» ВК КАПИТАНЫ
СНХ:САБИНА АЛТЫНБЕКОВА, «АСТАНА» ВК ОЙЫНШЫСЫ
Ел чемпионаты 4 қазанға дейін жалғасады. Төрт айналымнан кейін командалар плей-офф кезеңіне жолдама алып, турнирдің шешуші бөлігінде Түркістан қаласында қайта кездесетін болады. Сонымен қатар Ермек Сырлыбаев атап өткендей, былтыр «Жетісу» командасы Азия клубтары арасындағы жарыста алтын медаль иеленген. Енді олар осы жылдың желтоқсан айында Бразилияда өтетін әлем чемпионатына қатыспақ.