СҚО-да білім беру саласында 16 мыңға жуық педагог еңбек етуде. Олардың басым көпшілігі - жоғары білікті, педагогикалық шеберлік санатындағы мамандар. Мемлекет мұғалім мәртебесін көтеруге ерекше назар аударып отыр. Осы бағытта аймақта қандай жұмыстар атқарылуда? Әріптесім тарқатсын.
Облыс әкімдігінің білім басқармасы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының сақталуын үнемі бақылауда ұстайды. Білім беру ұжымдарында жыл сайын заң нормаларын түсіндіру және педагогтерді өздеріне тән емес міндеттерді атқаруға тартпау жөнінде кеңестер өткізіліп тұрады.
СНХ:Айнагүл Сұрағанова, СҚО білім беру басқармасының басшысы
Мемлекет басшысы ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлін ерекше бағалап, олардың мәртебесін көтеруді мемлекеттің негізгі стратегиялық бағыты ретінде айқындады. Бұл бағытта 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды, педагогтардың құқықтары мен әлеуметтік жағдайын нығайтуға ерекше назар аударылды.
СНХ:Гүлнар Таласбаева, СҚО білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының білім беру жүйесінде 16 мыңға жуық педагог жұмыс істейді, оның 12 мыңға жуығы жалпы орта білім беру жүйесінде қызмет атқарады.