Балалардың жан-жақты білім алуы – олардың тұлғалық дамуының барлық қырын қамтиды: физикалық, интеллектуалдық, эмоциялық, әлеуметтік және рухани-адамгершілік бағыттар. Мамлют ауданында жасөспірімдер тек білім ордаларында ғана емес, сонымен қатар өнер мен музыкаға бейімделіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алып отыр.


СНХ:ӘСЕЛЬ АЙТҚОЖИНА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ


Жалпы білім берумен қатар ауданның жас тұрғындары жан-жақты қабілеттерін де дамытып жүр. Мәселен, Өнер мектебінде 9 бөлім бойынша 400-ден астам бала тәлім алуда. Валентин Серебряков 2007 жылдан бері домбырада ойнап келеді. Ол бастапқыда балалайкада білім алғанымен, жүрегін «дала үні» — домбыраның қоңыр әуені баурап алды. Кейін екінші музыкалық білім алып, бүгінде балаларға ұлттық аспаптарға деген сүйіспеншілікті дарытып жүр.

СНХ:ВАЛЕНТИН СЕРЕБРЯКОВ, ХАЛЫҚ АСПАПТАР БӨЛІМІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ