Петропавлда жыл басынан бері 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 640 тонна азық-түлік сатылды.

Ауылдан жеткізілетін өнім қалада жоғары сұранысқа ие, дейді мамандар. Сөрелерге шығарылған тауар әп-сәтте сатылып кетеді.


Облыс орталығында мұндай жәрмеңкелер 2001-ші жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Аудандардан сиыр, қой, тауық еті, сүт өнімдері, ұн, жұмыртқа сынды 25 тауар түрі жеткізіледі. Жәрмеңкелер «Алтын арман», «Қызылжар ақбастау», «Дәрия» базарларында өтеді.

СНХ:ТАЛҒАТ НАУРЫЗБАЕВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Әр сенбі сайын осы Петропавл қаласында 3 базарда жэәрмеңке өткіземіз. Ауылдан әкелген өнімдерді сатамыз. Бағасы біздің нарықтың бағасына қарағанда 10-15 пайызға төмен