Солтүстік Қазақстан үшін тарихи жеңіс. Петропавлда бокстан әлем чемпионы атанған Наталья Богдановаға құрмет көрсетілді. Алғыс ретінде өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов спортшыға автокөліктің кілтін, ал оның бапкері Дастан Кабденовке ақшалай сертификат табыстады.
Солтүстік Қазақстан тарихында тұңғыш рет бокстан әлем чемпионы атанған Наталья Богданова құрметке бөленді. Іс-шараға спорт қауымдастығының өкілдері, жас былғары қолғап шеберлері, жеңімпаздың туыстары мен жақындары қатысты. Наталья Богданова мен оның бапкерін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады.
СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бокстан әлем чемпионаты Ливерпульде өтті. 70 келі салмақ дәрежесінде финалда Наталья қарсыласын – австралиялық спортшыны сенімді түрде жеңді. Жеңістің сыры – жақындарының қолдауы мен өз күшіне деген сенім, дейді былғары қолғап шебері.
СНХ:НАТАЛЬЯ БОГДАНОВА – БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
СНХ:ДАСТАН ҚАБДЕНОВ – Н. БОГДАНОВАНЫҢ БАПКЕРІ
Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – чемпион қыздың шеберлік сабағы болды. Наталья өзінің атақты соққысын көрсетті, өңір әкімінің өзі оған қарсы қолғап ұстап тұрды.
Құрмет көрсету іс- шарасы сыйлықсыз өткен жоқ. Наталья автокөлікке ие болса, бапкеріне 3 миллион теңгелік сертификат сыйға тартылды. Чемпион қыздың демалуға уақыты жоқ – бір айдан кейін Алматыда оқу-жаттығу жиындары, ал қаңтарда – Азия ойындары күтіп тұр.