Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді ел дамуының басты салаларының бірі ретінде атап өтті.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы шикізат өндіруші ғана емес, қуатты және табысты салаға айналуы тиіс екенін айтты. Ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экспортты арттыруы керек. Әр гектар жер тиімді пайдаланылуы қажет. Осы мақсатта жерлердің цифрлық картасы әзірленіп жатыр. Ал пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылады. Фермерлерге қолдау көрсету тәсілі өзгереді. Сондай-ақ, енді субсидияның орнына жеңілдетілген несиелер беріледі. Ел аймақтарында толық өндірістік циклді қамтитын агрохолдингтер мен агрохабтар құрылады. Цифрландыру, ғылымды дамыту және импортқа тәуелділікті азайтуға басымдықтар беріледі. Мемлекет басшысы өз сөзінде, “Маңыздысы - бөлінген қаржының көлемі емес, оның нақты нәтижесі” деді.
СНХ:АЙМАҒАМБЕТ БАРЛЫБАЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ