Жыл басынан бері Петропавл қаласында полицейлер 5 мыңға жуық абаттандыру ережесін бұзу дерегін анықтады.
Қалаларда контейнер маңында ескі жиһаз бен құрылыс қалдықтарының толып жатуы жиі кездеседі. Біреу үйінді қоқысты көріп, контейнерге дейін баруға ерінеді — сөйтіп бейберекет қоқыс орындары көбейеді. Мысалы, Сүтішев көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғыны құрылыс қалдықтарын шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Дегенмен, тұрғын үйдің меншік иелері бірлестігінің төрағасы Виталий Волков бұл мәселені тек айыппұлмен шешу мүмкін емес екенін айтады — адамдар ең алдымен өз ыңғайын ғана ойламай, ортақ мүддені де ескеруі тиіс.
СНХ:Виталий Волков — тұрғын үйдің меншік иелері бірлестігінің төрағасы
Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетов абаттандыру ережелерін сақтау бүгінде өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.
СНХ:Айдын Ақмағамбетов — Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы
«Заң және Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру күнделікті іс-әрекеттен, өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қараудан және айналаға құрметтен басталады. Жыл басынан бері Петропавлда полицейлер абаттандыру ережесін бұзу фактілері бойынша 4800-ден астам хаттама толтырды.