Антон Кобелев – әлемді велосипедпен аралап жүрген азамат. Қазіргі таңда Қытайдан бастаған ұзақ сапарын жалғастырып, Грузияға бет алған. Жол бойында түрлі елдер мен қалаларды басып өтіп келе жатқан ол қазіргі уақытта Қазақстан аумағымен жүріп өтуде. Біздің түсірілім тобы саяхатшыны сапар барысында жолықтырып, арнай сұхбаттасып үлгерді. Антон әсерлі сапары және жоспарларымен бөлісті.
Антон Кобелев - Ресей Федерациясының азаматы. Соңғы сегіз жыл бойы ол Қытайда тұрып, сапарын дәл сол жерден бастаған. Кейіпкеріміз осы уақытқа дейін әлемнің 15 -ке жуық елінде болған. Саяхатшы Қазақстанға осымен 2 рет келіп отыр екен. Еліміздің де біршама қаласын аралап шыққан.
СНХ: АНТОН КОБЕЛЕВ, САЯХАТШЫ
Кейіпкеріміз Антонның саяхаттан бөлек тағы бір ерекше әуестігі бар. Ол барған әрбір елінен тек әсер мен естелік қана емес, сол жердің өзіндік мәдениетін, ерекшелігін бейнелейтін заттарды жинауды ұнатады. Осылайша, саяхатшы велосипедін әсемдеп, әрбір елдің бір бөлшегін өзімен бірге ала жүреді. Коллекциясына Қазақстаннан да бір естелік қосылды.
СНХ:АНТОН КОБЕЛЕВ, САЯХАТШЫ
Ең қызығы, Антон негізінен кәсіби биші. Кейіпкеріміз алдағы уақытта жер шарын түгел аралауды қалайды. Ал, қазіргі таңда негізгі мақсаты - Оңтүстік және Орталық Америкаға табан тіреу.