Петропавлда мейрамхана ісінің мамандарына арналған ерекше шеберлік сабағы өтті. Онда мәскеулік бас аспаз тағам дайындаудың құпияларымен бөлісті. Іс-шара қоғамдық тамақтану саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында және Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.

«Усадьба» мейрамханасында өткен тәжірибе алмасу сабағына өңірдің үздік бас-аспаздары, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Олар Мәскеуден арнайы келген танымал бас аспаз Павел Галковскийден етті дұрыс таңдау, бөлшектеу және пісіру әдістерін үйренді.

СНХ:ПАВЕЛ ГАЛКОВСКИЙ –БАС АСПАЗ , МӘСКЕУ ҚАЛАСЫ


Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облыстық Рестораторлар мен қонақ үйлер қауымдастығы ұйымдастырды. Қатысушылар еттің құрылымы, маринадтау және қуырудың түрлі әдістерін меңгерді.

СНХ:АНДРЕЙ ФРОЛОВ – СҚО РЕСТОРАТОРЛАР МЕН ҚОНАҚ ҮЙЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ


Аспаздық өнерге қызығушылық танытқан мамандар үшін бұл – үлкен мүмкіндік. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жиі өткізіледі. Ал дәмді тағамның сыры – кәсіби шеберлікте.