Полиция қызметкерлері күн сайын облыс орталығында түнгі рейд жүргізіп, қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтау іс-шараларын күшейтеді. Осы орайда, рейдке біздің түсірілім тобы да қатысып, құқық қорғаушылардың күнделікті қызмет барысына куә болды.
Рейдтің басты мақсаты - қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кешкі сағат 19:00-де жеке құрам сапқа тұрады. Кейін қызметкерлерге нұсқаулық беріліп, рейд барысында қандай бағыттар қамтылатыны, неге баса назар аудару қажеттігі түсіндірілді. Кейін бөлінген тәртіп сақшылары арнайы автокөліктермен бекітілген аймақтарға жол тартты.
СНХ:ҚАЙЫРБЕК БАЙМӨНКЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Полиция қызметкерлері түнгі сағат 22:00-ден таңға дейін бірқатар қоғамдық орындарды, ойын-сауық мекемелерін, автожолдарды аралайды және тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды тыныштық сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және заңсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырады. Құқық бұзушылықты байқасаңыз, бірден 102 нөміріне хабарласуыңызды сұрайды. Бұл қауіпсіз ортаны қалыптастыруға көмектеседі.