Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу «AMANAT» партиясы филиалының ғимаратында өтті. Тұрғындар аймақ басшысына тікелей сауалдарын қойып, өздерін толғандырған мәселелерімен бөлімсті.

Облыс әкімінің жеке қабылдауына Алматы қаласының тұрғыны, М.Жұмабаев ауданының тумасы Жанат Етекбаев жүгінді. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан солтүстікқазақстандықтардың есімі жазылған бірегей мемориалдық кешен құруды ұсынды. Өңір басшысы бұл бастаманы қолдап, цифрлық форматтағы шешімге – QR-кодтары бар виртуалды деректер базасын әзірлеуге баса назар аударуды тапсырды.

СНХ.Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі


Облыс әкімі тұрғынның уәжін тыңдап, мәселені зерттеп, су бұру бойынша техникалық шешім әзірлеуді тапсырды. Қабылдауға келгендердің арасында саяжай иелері де болды. Олар «Жемчужная весна» және «Ренет» бау-бақша серіктестіктеріне апаратын жолды қалпына келтіру мәселесін көтерді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жол ауыр жүк көліктерінің салдарынан бұзылып қалған.

Ольга Владыкина, Петропавл қаласының тұрғыны