Биыл Солтүстік Қазақстан өңірінің басты ақпараттық арнасы - Қызылжар телеарнасына 65 жыл толды. Бұл - тұтас бір дәуірдің, талай журналистер мен шығармашылық топтың қажырлы еңбегінің жемісі. Жарты ғасырдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан телеарнаның мерейлі тойын бүгін арна ұжымы кең көлемде атап өтті.
Қызылжар кретив орталығында Қызылжар телеарнасының 65 жылдық мерейтойы аталып өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күн сайын түрлі сала мамандарымен жұмыс жасайды. Олар бүгінгі мерейтоймен арна ұжымын құттықтап келді. Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы қалың көрерменге көгілдір экран арқылы өңірдің тыныс тіршілігін, тарихи сәттерін көрсеткен, ерен еңбектері ұмытылмастай қызмет атқарған ардагер журналисттерде келді.
СНХ:КӘМИЛА ӘЛІБАЕВА, ТЕЛЕВИЗИЯ АРДАГЕРІ
Салтанатты іс-шарада арна ұжымының қызметкерлері облыс әкімінің қала әкімінің атынан түрлі марапаттарға ие болды. Бұл кадр сыртында көрінбейтін еңбектің бағаланғаны. Айта кетейік, осы 65 жылдың ішінде Қызылжар телеарнасында бірнеше басшы өзгерді. Қазіргі басшы Рәзия Ыдырысбаева. Ол телеарнадағы жұмысын өткен жылы бастаған болатын. Сол жылдан бастап телеарнада бірқатар жаңа өзгерістер орын алды.
СНХ:РӘЗИЯ ЫДЫРЫСБАЕВА, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ
Мерейтоймен қатар Қызылжар телеарнасында жаңа маусым басталды. Көрермен назарына пайдалы ақпаратттарға толы жаңа бағдарламалар жол тартады. Бұл бағытта тілшілердің жұмысы маңызды. Олар тек сұхбат алып, кадр жинаумен шектелмейді. Әрбір сюжет, әр бағдарлама – терең зерттеу мен жан-жақты сараптауды қажет етеді.
СНХ:АСНУРИЯ АБДУЛА, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ СҚОФ РЕДАКТОРЫ
Көрерменге сапалы, мазмұнды жаңалық ұсынуда тұтас бір шығармашылық топтың тынымсыз жұмысы жатыр. Осы еңбекті бағалап мерейтойға келген қонақтар телеарна ұжымын мерекемен құттықтап, толағай табыстар тіледі.
Қызылжар телеарнасының табысты тарихы – ең алдымен журналистердің, операторлардың, режиссерлер мен техникалық мамандардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Бұл жерде әрбір кадр, әрбір сюжет – жүрекпен жасалған дүние. Бұл мерейтой – өткенге тағзым, бүгінгі күнге ризашылық, келешекке сенім!