Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайтуды тапсырды. Президент дәстүрлі ұлттық өнімдерді сыртқы нарыққа белсенді түрде таныту керек деп есептейді. Сондықтан аграрлық экспорттың нақты жоспарын әзірлеу қажет.Онда логистика, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар мен ұтымды маркетинг стратегиясы ескерілуге тиіс.

Бұл - Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғана емес, бірқатар мемлекеттік органның ортақ міндеті. Осыны Үкімет басшылығы деңгейінде үйлестіріп отыру керек", - деп атап көрсетті Қасым-Жомарт Тоқаев. Солтүстікқазақстандықтар бұл бастаманы қолдайтындарын жеткізді.