Дүниежүзілік тазалық күнінде тұрғындар аулаларын да тазалауға шықты. Ауланы, үйдің айналасын қоқыстан тазартып қана қоймай, әктеу жұмыстарын да жүргізбек. Пәтер иелері кооперативі және меншік иелер бірлестігінің төрағалары тұрғындармен бірге тұрақты түрде осындай сенбіліктерге қатысады. Олар аумақты абаттандырып, санитарлық тазалықты қамтамасыз етеді.
Жалпы қала аумағында 1200 ден астам көппәтерлі тұрғын үй бар. Петропавлдықтар Мемлекет басшысының бастамасымен басталған «Таза Қазақстан» акциясына да белсенді қатысып жатыр.
СНХ:ГҮЛНӘР КӘРІБАЕВА, МЕНШІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ