Мемлекет басшысының жарлығымен бокстан Әлем чемпионы Наталья Богданова мен оның жаттықтырушысы Дастан Қабденов «Құрмет» орденімен марапатталды. Жоғары мемлекеттік наградаға ие болған спортшыларды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде құттықтады. «Бұл -ұзақ жылдар бойы төгілген маңдай тер мен табанды еңбектің кәсіби шеберлік пен ортақ мақсат жолындағы ауызбіршіліктің жемісі. Сіздердің жетістіктеріңіз -тек жеке жеңіс ғана емес, тұтас өңірдің абырой мен мақтанышы»-деді облыс әкімі .