Мамлют ауданының халқы 16 мыңнан асады, оның шамамен 6700-і – қала тұрғыны. Соңғы 5 жыл ішінде мемлекеттік бағдарламаның аясында ауданға еліміздің оңтүстік өңірлерінен 244 отбасы қоныс аударған. 

Жамаловтар отбасы Мамлют ауданынан Түркістан облысынан көшіп келген, және бұл шешімдеріне бір сәт те өкінген емес. Отбасы мүшелерінің бәрі мұнда жайлы үйге қол жеткізіп, өздеріне ұнайтын іспен айналысып жүр.

СНХ:ЕРКЕНАЙ ЖАМАЛОВА МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Еркенай Сәбиқызы жасына қарамастан белсенділігін жоғалтқан емес. Ол «Қазақ аналары» филиалының жетекшісі, әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүретін, шығармашыл жан. Өз білгенін жас ұрпақпен бөлісіп, үлгі бола білетін тұлға.

СНХ ЕРКЕНАЙ ЖАМАЛОВА, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Жамаловтар отбасының ер азаматтары ауыл шаруашылығын дамытып жатыр, келіні медбике болып жұмысқа орналасқан. Немерелері мектепте жақсы оқып, спортта жетістіктерге жетуде.