Солтүстік Қазақстан облысы соңғы уақытта қылмыстың жаңа түрімен — кибералаяқтық және «дропперлікпен» жиі бетпе-бет келуде. Бұл қылмыс түрі азаматтар үшін де, тұтастай алғанда өңірдің цифрлық қауіпсіздігі үшін де елеулі қауіп төндіреді. Волонтерлер жастарға тәуекелдер туралы айтып, алаяқтардың қақпанына түспеу жолдарын түсіндіруде.
2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа түзетулер күшіне енді. Алғаш рет заңнамалық деңгейде банктік шоттарды заңсыз ұсыну немесе пайдалану, яғни халық арасында «дропперлік» деп аталатын әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылды. Әрбір интернет алаяқтық ісінде шамамен 5-6 дроптың қатысатынын ескерсек, заңға сәйкес енді оларға мүлікті тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
СНХР:МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ – СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Қазіргі заманда технологиялар біздің күнделікті өмірімізде маңызды рөл атқарады. Сол себепті цифрлық қауіпсіздік студенттер үшін аса өзекті тақырыпқа айналды. Онлайн оқу мен түрлі цифрлық платформаларды академиялық және әлеуметтік мақсатта пайдалану артқан уақытта, жеке деректер мен ақпаратты қорғау бұрын-соңды болмағандай маңызды болып отыр.
СНХР:АЙСА ЕСКЕНДІР, 3 КУРС СТУДЕНТІ
Сонымен қатар, биылғы жылдың соңғы 8 айында СҚО бойынша 520 интернет алаяқтық фактісі тіркеліп, келтірілген залал көлемі 1 миллиард 50 миллион теңгені құрады.