Қызылжар –Сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Шаруашылық сүт өндірумен және егін егумен белсенді түрде айналысады. Штаб құрамында 70-ке жуық адам бар.

Серіктестік майлы, дәнді және мал азығына арналған дақылдар өсіреді. Шаруашылық басшысы Олжас Бектасовтың сөзінше, биыл өнімділік деңгейі былтырғыдан кем емес. Диқандар ауа-райы жақсы болса, шашау шығармай егінді жинап алуды жоспарлап отыр. Жалпы, биыл 4,3 млн гектар алқапқа егін егілді. Облыстағы астық сақтау қоймаларының сыйымдылығы - 7 млн тонна.

СНХ:ОЛЖАС БЕКТАСОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР – СҮТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ