Мемлекет басшысы Жолдауында білім беру саласына ерекше тоқталды. Ол жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізу, мұғалімдердің цифрлық құзыретін арттыру, шағын жинақты мектептердің әлеуетін күшейту, инклюзивті білім беруді дамыту және ауыл мектептеріне тең мүмкіндік ұсыну қажеттігін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірімізде де қарқынды жүзеге асуда. Соның жарқын мысалы – жуырда облыс орталығында ашылған №29 келешек мектеп. Мұнда заманауи цифрландыру жүйесі енгізіліп, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.
Биыл жаңа оқу жылында облыс орталығында ашылған №29 мектеп – жаңа форматтағы білім ордасы. Мұнда кең әрі жарық сыныптар, заманауи жабдықтар, STEM зертханасы мен робототехника кабинеті бар. Инновациялық пәндік сыныптардың ішінде ерекше назар аударатын нәрсе – жасанды интеллект элементтері бар тігін машинасы. Бұл құрылғы арқылы оқушылар өз ойларын компьютерде жобалап, флешкаға сақтап, дайын өнімге айналдыра алады. Мәселен, дизайн және технология пәнінің мұғалімі Гүлден Ақмағамбетованың айтуынша, бүгінгі күні балалардың өз қолымен жасаған 10-нан астам өнім дайын. Шоперден бастап сәнді бұйымдарға дейін – барлығы автоматтандырылған тігін машинасында жүзеге асады.
СНХР:ГҮЛДЕН АҚМАҒАМБЕТОВА, ДИЗАЙН ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ