Солтүстік Қазақстан облысында көп ауылдар саламатты өмір салтын таңдауда. Мағжан Жұмабаев ауданындағы Құралай ауылының тұрғындары «Ішімдіксіз ауыл» бастамасына қосылды. Бұл елді мекеннің тіршілігімен әріптесім танысып қайтқан болатын.
Солтүстік Қазақстан облысында «Ішімдіксіз ауыл» бастамасы қарқын алып келеді. Мағжан Жұмабаев ауданында бұл бастаманы екі елді мекен қолдады: биыл алғашқы болып Сулышоқ ауылының тұрғындары қосылса, енді Құралай да атсалысуда.
СНХР:АСАН МЕЙРАМОВ – АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл акцияға қатысу – тек ішімдіктен бас тарту ғана емес. Бұл – дәстүрді сақтауға, отбасы бірлігін нығайтуға және өнегелі жастар тәрбиелеуге жасалған жаңа қадам. Ақсақалдар мен жастар ортақ мақсат жолында – саламатты әрі қауіпсіз өмір сүру кеңістігін құру үшін бірікті.
СНХР:ДАУЛЕТЖАН БАКИРОВ – ҚҰРАЛАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Құралай ауылы Лебяжье ауылдық округіне қарайды. Мұнда 189 тұрғын, 48 үй бар. 2021 жылдан бастап әрбір үйге су тартылды, барлық көшелер жарықтандырылған, облыс орталығына күнделікті қоғамдық көлік қатынайды. Мектеп жұмыс істейді, спорт та дамып келеді. Жергілікті халық әсіресе ұлттық спорт түрлерінен өнер көрсетіп, өңірлік жарыстарда жүлделі орындар алып жүрген спортшыларымен мақтанады. Ауылдың инфрақұрылымы да абаттандырылуда. Жақында облыстық бюджет есебінен жолдар жөнделді.
СНХР:ШЫРАЙЛЫМ ОМАРОВА – ЛЕБЯЖЬЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Бүгінде Құралай – таза, тыныш әрі жайлы ауыл. Ал «Ішімдіксіз ауыл» бастамасын қолдаудың арқасында жергілікті тұрғындар одан да саламатты, игі болашаққа қадам жасады.