Облыстағы «Аби – Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1997 жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында тұрақты жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта серіктестік иелігінде 17 мың гектарға жуық егіс алқабы бар. Онда дәнді, майлы, бұршақ тұқымдас және мал азығына арналған дақылдар өсіріледі.

Бүгінде шаруашылықта егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдаланып қалуға тырысқан диқандар егінді мерзімінде жинап алуды көздеп отыр. Қазіргі уақытта серіктестік әр гектардан орта есеппен 40 центнерден астам дәнді дақыл жинауда. Сонымен қатар, майлы дақылдардың өнімділігі жақсы, ол гектарына 35-40 центнерді құрап отыр. Айта кетейік, биыл аграрлық сала өкілдеріне айтарлықтай қолдау көрсетілді. Агроөнекәсіп кешенінде жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 150 млрд теңгеге жетті.

СНХ: ИГОРЬ ГРИШАНОВ, «АБИ – ЖЕР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ