Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Жолдауында құрылыс индустриясын дамытуды басты міндеттердің бірі ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысын жеделдетіп, сапалы жолдар мен инфрақұрылым тарту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, құрылыс материалдарының отандық өндірісін ұлғайтуға ерекше назар аударылды.

Бүгін облыстағы іргелі кәсіпорындардың бірі – "Основание" компаниясында Мемлекет басшысының Жолдауындағы құрылыс саласына қатысты бөлім талқыланды. Жиын барысында Президент атап өткен тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру, сапалы жолдар мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері көтерілді. Кәсіпорын қызметкерлері бұл бастамалар өңірдің дамуына серпін беретініне сенімді.


СНХ:ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ