Интернет алаяқтық – қазіргі қоғамда ең көп таралып жатқан қылмыстың бір түрі. Осы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция басқармасы мен халық банкі бірлесіп Петропавлдағы ойын сауық орталықтарының бірінде «қаламызда алаяқтыққа жол жоқ!» акциясын өткізді.

Киберқылмыскер арнайы құрылғыларды қолдана отырып, жалған қызметкер ретінде қоңырау шалады. Осылайша адамдардың сеніміне кіру арқылы жеке мәліметтерді иемденеді. Мамандардың айтуынша, соңғы кезде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық фактілері көбейген. Сондықтан азаматтарды интернет-алаяқтардан қорғау және олардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай акциялар жиі өткіледі.

СНХ:АЙГЕРІМ ӘШКЕН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТОБЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ