Спорт жайлы. Қарағанды мен Өскемен қалаларында 2025 жылғы Proligasy командалары арасындағы Қазақстан кубогының алдын ала кезеңі аяқталды. Петропавлдық «Құлагер» жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Кубоктың алғашқы күнінде «Құлагер» қарқынын біртіндеп үдетіп, «В» тобының ашылу кездесуінде «Алматыға» еш мүмкіндік қалдырмады. Қарсыластарын екі мәрте қапы қалдырғандар – жалпы төрт ұпай жинаған Александр Воробьев пен Ян Хоменко. Жарыстың екінші күні «жүйріктер» мықтырақ қарсылас – Өскеменнің «Торпедо» командасымен кездесті.
Ойын тең деңгейде өтті, нәтижесінде командалар 4:4 есебімен овертаймға шықты. Өскемендіктер дәлдігімен ерекшеленді. Ерік Алдабергеновтың соққан голы бұл кездесуге нүкте қойды.
Ал үшінші ойын біздің команда үшін «Ақтөбемен» болған кездесуде Кубоктың жартылай финалына шығудың сәтті мүмкіндігіне айналды. Петропавлдықтар сегіз голдық шабуылды жүзеге асырды. Қарсыластарын екі реттен қапы қалдырғандар – Александр Своеволин мен Герман Шапорев. Антон Осокин қақпаға бағытталған 13 соққыны қайтарды. Осылайша Андрей Спиридоновтың шәкірттері турнирдің шешуші кезеңінің алғашқы қатысушылары атанды.