«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының кедергісіз білім алуына бағытталған игі іс-шара. Бүгін акция Ғабит Мүсірепов атындағы 43-ші орта мектепте өтті. Балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуға қажетті құрал жабдықтар табысталды.
ЗБиыл 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты - балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету. 43-ші орта мектепте бұндай акциялар жиі өткізіліп тұрады. Бүгін 14 оқушы өз сыйлықтарын алды.
СНХ:НАДЕЖДА ЗОЛОТИЛИНА, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ №43 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Мектепке қолдау көрсету - Владимир Иванович үшін жүрек қалауы. Ол 12 жылдан бері өзі түлеп ұшқан білім ордасына қолғабыс көрсетіп, мектеппен байланысын үзген емес. Осындай кездесулер акцияның бір бөлігі ғана емес, нағыз игі дәстүрге айналып отыр.
СНХ:ВЛАДИМИР КОЗЛОВ, КӘСІПКЕР
Осындай іс- шаралар арқылы балаларға қажетті көмек көрсетіледі. Оқушылар өздеріне жасалған қолдауға шын жүректен қуанышты.
СНХ:ВАРВАРА ПОЕГОРОВА, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ №43 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ
Айта кетейік, бүгінде Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектепте 864 оқушы білім алуда.