Облыста жыл басынан бері 24 мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалды. Бұл туралы облыс орталығында өткен «Конституция – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен дамуының негізі» атты дөңгелек үстелде айтылды. Іс-шара ел Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Ата заңның 30 жылдығына арналған жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Басқосудың негізгі мақсаты – Конституцияның құқықтық мемлекет құрудағы рөлін айшықтау. Жиында прокурорлардың араласуымен 220 қызметкерге 101 миллион теңге көлемінде жалақы қарызы қайтарылғаны айтылды. Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру және қоғамдық институттармен байланыс нығайту жөнінде бірқатар ұсыныстар қабылданды.

СНХ:САЯН АСҚАРОВ, СҚО ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ