Білім беру – елдің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі. Соңғы жылдары педагог мәртебесін көтеру, мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңарту, оқу бағдарламасын жетілдіру бағытында ауқымды реформалар қолға алынды.
Солтүстік Қазақстан облысында 16 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін аттестаттау рәсімі алғаш рет толықтай цифрлық форматта, «Ұстаз» платформасы арқылы жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде 94 мыңнан астам мұғалім түрлі санаттарға өту үшін құжат тапсырған. Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап елде «943 нысаналы мектептерді дамыту» жобасы басталды.
СНХ:ГҮЛНӘР ТАЛАСБАЕВА, СҚО БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті өз ережесіне сәйкес бақылау іс-шараларын жүргізеді. Соның ішінде мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына жыл сайынғы мониторинг жасалады.
СНХ:ГҮЛНӘР ТАЛАСБАЕВА, СҚО БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі таңда облыста 16 128 педагог еңбек етеді, оның ішінде 11 620-сы жалпы білім беретін мектептерде. Алдын ала деректерге сәйкес, 2025-2026 оқу жылына өңірге 985 маман қажет, оның 675-і ауыл мектептеріне.
СНХ:ГҮЛНӘР ТАЛАСБАЕВА, СҚО БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Сонымен қатар, 2025 жылдың соңына дейін облыстағы 76 мектепте мемлекеттік аттестаттау, 5 мектепте біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру жоспарланған.